×

Қазақстан семсершілері Ыстанбұлда әлем кубогын жеңіп алды

Бұл кезеңде 45 елден 350-ге тарта семсерлесуші бақ сынады.

Қазақстан семсершілері Ыстанбұлда әлем кубогын жеңіп алды
Cпортты дамыту дирекциясы

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен әлем кубогында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz Cпортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Шешуші жарыс күні командалық жарыста Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, сенсация жасады.

Алтын медаль үшін тартыста Нидерланд құрамасынан басым түсті. Есеп: 34-20.

Руслан Курбанов, Эльмир Əлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертайдан жасақталған ұлттық құрама 1/32 кезеңде Колумбияны 45-41 есебімен ұтқан.

Осыдан кейін Италия құрамасынан басым түсіп, үздік сегіздікке кірді. Есеп: 45-31.

Ширек финалдағы тартысты айқаста отандастарымыз Аргентинадан жеңісті жұлып əкетті. Есеп: 45-44.

Ал жартылай финалда ұлттық құрама испаниялық семсерлесушілерді сенімді жеңді (45-32).

Жалпы, бұл кезеңде 45 елден 350-ге тарта семсерлесуші бақ сынады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда тұңғыш рет өткен түнгі марафонға 3 мыңға жуық атлет қатысты
Бүгін, 13:34

Түркістанда тұңғыш рет өткен түнгі марафонға 3 мыңға жуық атлет қатысты

Оның ішінде 6 елден келген 70 шетелдік спортшы бар
Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды
Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →