×

Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды

Бұған дейін Қазақстан өкілдерінің ешқайсысы әлемдік рейтингте мұндай жетістікке жеткен жоқ

Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды
wta

2023 жылғы 12 маусымда Әйел теннисшілері қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жариялады, соған сәйкес қазақстандық Елена Рыбакина үшінші сатыға көтерілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Қазақстан өкілдерінің ешқайсысы әлемдік рейтингте мұндай жетістікке жеткен жоқ. Елена Рыбакина жеке жетістігін бағындырып қана қоймай, бұл бағытта тарихи қадам жасады.

Қазіргі уақытта әлемнің жаңа үшінші ракеткасының активінде 5090 ұпай бар, Еленадан екі теннисші ғана алда. Олар "Ролан Гаррос-2023" чемпионы Ига Швентек (8940) және Арина Соболенко (8012). Қазақстандық тағы бір спортшы Юлия Путинцева WTA рейтингіндегі позициясын сәл жақсартып, жеті сатыға көтерілді, қазір ол 51-орында.

Ерлер арасындағы ATP әлемдік рейтингі де жаңартылды, онда да қазақстандық теннис өкілдері жақсы көрсеткіштерге ие болды. Александр Бублик 4 сатыға көтеріліп, қазір 47-орында, Тимофей Скатов 135-орында, Михаил Кукушкин 252-орында және Бейбіт Жұқаев 256-орында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты
Бүгін, 12:34

Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты

Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты
Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →