×

Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде сегіз сатыға көтерілді

Ұлттық құрама соңғы екі ойында жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде сегіз сатыға көтерілді
kff.kz

FIFA жариялаған жаңа рейтингте Қазақстан ұлттық құрамасы сегіз сатыға көтеріліп, 104-орынға жайғасты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясының (FIFA) жаңартылған рейтингі бүгін, 29 маусымда шықты. Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингте 8 сатыға көтеріліп, 104-орынға жайғасты.

Айта кетейік, қазақстандық футболшылар маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында сырт алаңда Сан-Марино (3:0) және Солтүстік Ирландияны (1:0) қапы қалдырған еді.

Ел құрамасы сынға түсетін H тобында Дания – 19, Финляндия – 54, Словения – 60, Солтүстік Ирландия – 64, Сан-Марино – 211 орында тұр.

Жаңартылған рейтингте Аргентина көш басында тұрса, одан кейінгі орындарда Франция мен Бразилия келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →