Месси сегізінші рет жылдың үздігі атанды
Бүгін Франция астанасы Париж қаласында футболдан 2023 жылғы «Алтын доп» марапаттау рәсімі өтті. Жылдағы дәстүр бойынша «France Football» журналы футболдан әлем үздіктерін анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мұндай марапатқа ие болу үшін футболшылардың 2022 жылғы 31 тамыз және 2023 жылғы 31 тамыз аралығындағы табыстары назарға алынып отыр. Үздік ойыншыны анықтауға FIFA рейтингі бойынша алғашқы 100 орында тұрған елдердің журналистері дауыс беруге мүмкіндік алды.
Нәтижесінде 2023 жылғы «Алтын доп» Аргентина құрамасы мен АҚШ-тың «Интер Майами» командасының шабуылшысы Лионель Мессиге табысталды. Ол осымен сегізінші рет жылдың үздігі атанып отыр. Сөйтіп, өзінің жеке рекордын жаңартты. Ал Криштиану Роналдуда бес «Алтын доп» бар.
Екінші орынға Норвегия құрамасы мен «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд тұрақтаса, үздік үштікті Франция құрамасы мен ПСЖ клубының ойыншысы Килиан Мбаппе түйіндеді.
Лионель Месси – былтыр жылдың соңында Аргентина құрамасымен әлем чемпионы атанған. Ал Эрлинг Холанд – Англия премьер-лигасында, Чемпиондар лигасында топ жарды. Екі турнирдің үздік сұрмергені болды.
Сонымен қатар кеште басқа да жүлделер табысталды: