Қазір қазақстандық боксшылар бұл жарыстарда ең жоғары құнды бес жүлдені өз қоржынына салып отыр
Таиландта 22 жасқа дейінгі бокстан Нұрсұлтан Алтынбек пен Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды. Оларға 54 және 57 келі салмақ дәрежесінде тең келетін ешкім болмады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі) Азия чемпионатының финалдық белдесуінде филиппиндік Флинт Джараны 5:0 есебімен сенімді жеңіп, оған мүмкіндік қалдырмады.
Сонымен қатар 57 келіге дейінгі салмақта "алтынға" Махмұд Сабырхан мен ринг иесі Саравут Сукхет таласты. Қазақстандық басым түсіп, жергілікті боксшыны жеңді.
Қазір қазақстандық боксшылар бұл жарыстарда ең жоғары құнды бес жүлдені өз қоржынына салып отыр. Оның екеуі біздің қыздар Жасмин Қизатова мен Гүлсай Ержанның қоржынында.