×

Қазір сені бәрі мақтайды, бірақ сеніп қалма – Головкин Сметовке ақыл айтты

Дзюдо күресінен 60 келідегі қазақ балуаны Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанған еді

Қазір сені бәрі мақтайды, бірақ сеніп қалма – Головкин Сметовке ақыл айтты

Ұлттық Олимпиада комитеті президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке ақыл айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

– Көптің сөзіне құлақ асып, тыңдай берме. Сен туралы әлі көп адам әдемі сөйлеп айтады. Өз тәжірибемнен білемін. Түбі жанұяңнан басқа ешкімге керек болмай, жалғыз қаласың, – деп күліп ақыл айтты Головкин Сметовке.

Дзюдо күресінен 60 келідегі қазақ балуаны Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанған еді.

Ерлер арасындағы 60 келі салмақта белдескен қазақстандық дзюдошы финалда франциялық Лука Мхекидзені жеңді. Сөйтіп, Қазақстанның Париждегі алғашқы алтыны қоржынға түсті. Айта кетейік, Елдос Сметов - Рио Олимпиадасының күміс, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы (2015), жазғы Азия ойындарының жеңімпазы (2014).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →