×

Он облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Өңірлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі

Он облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ufa.bezformata.com

9 наурызда Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

9 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде аздаған бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавлда төмен қарлы боран соғады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Осы күні Қостанай облысының солтүстігінде, батысында түнде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады. Қостанайда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман, күндіз батыс пен солтүстікте көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел - 15-20 м/с. Көкшетауда төмен қарлы боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - 15-20 м/с.

«9 наурызда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда күндіз батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с болады.

9 наурызда түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында төмен қарлы боран, көктайғақ байқалады. Жел солтүстік-батыстан, түнде солтүстікте, облыстың шығысында 15-20 м/с», - деп жазды синоптиктер.

Осы күні Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, солтүстікте оңтүстік-батыстан соғады, батыста, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда түнде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с.

9 наурызда күндіз Маңғыстау облысының шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстікте оңтүстік-шығыстан соғатын жел таулы аймақтарда 15-20 м/с жетеді. Шымкентте күндіз найзағай ойнайды.

9 наурызда түнде оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, түнде жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел, түнде шығыста, облыстың таулы аймақтарында екпіні - 15-20 м/с. Қонаев қаласында түнде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түннің бірінші жартысында екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. 9-10 наурызда қардың еруіне, қар жамылғысының тұрақсыз жай-күйіне,Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде күтілетін қатты жауын-шашынға байланысты қар көшкінінің жүру қаупі сақталады.

Алматыда 9 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Қалада мобильді бригадалардың кезекшілігі ұйымдастырылады
Синоптиктер қала тұрғындары мен қонақтарына есеерту жасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →