×

Құтқарушыларға жақсы жаңалық: министр баспана мәселесінің қалай шешілетінін айтты

Министрлік тарапынан қандай қолдау бар

Құтқарушыларға жақсы жаңалық: министр баспана мәселесінің қалай шешілетінін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов төтенше жағдай қызметкерлерлерінің баспаналы болуы үшін қандай қолдау көрсетіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазіргі таңда көптен бері осы заң қабылданбай тұрып, бізде тұрғын үй төлемдері жағынан көптеген қиындықтар болды. Егер осы түзетулер заңға еніп, қол қойылса сол уақыттан бастап тұрғын үй төлемдері төленетін болады.

Министр төтенше жағдай қызметкерлерлері үшін баспана алуға әртүрлі механизмдер мен бағдарламалар бар екенін жеткізді.

«Біздің құтқарушыларға жақсы мүмкіндік болады. Өйткені сол төлемдерді жинақтап баспана алуға немесе оны жалға алуға болады. Әртүрлі механизмдер бар. Тура әскерилердің, ІІМ-нің бағдарламалары сияқты біздің де құтқарушылар соған қол жеткізе алады. Осының арқасында көп адамның баспана мәселесі шешіледі. Сондай-ақ жатақханалар салып жатырмыз. Алғашқы уақытта жас мамандар келгенде екі-үш жылдай, шоттарына керекті қаржыны жинағанша сол жақта тұратын болады. Осы министрлік тарапынан қолдау», – деді Әрінов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Отбасы банк» жас ғалымдарға арналған ипотекалық бағдарламасын жариялады
04.04.2026ж. 16:57

«Отбасы банк» жас ғалымдарға арналған ипотекалық бағдарламасын жариялады

Бағдарламаға кемінде 3 жыл ғылыми-зерттеу жұмыс өтілімен, дәрежесі магистр деңгейінен төмен емес және тұрғын үйге мұқтаж 40 жасты қоса алғанға дейінгі жас ғалымдар қатыса алады
Мемлекет жастарға қолдау көрсетуді тоқтатпайды, қосымша жаңа, тұрақты бағдарламалар ұсынылады
Жеңілдетілген ипотека бағдарламасы Қазақстанда негізгі салалардың бірінің өкілдеріне арналған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →