×

Қазақстанда екінші деңгейлі 9 банк жабылуы мүмкін

Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында екінші деңгейлі 21 банк жұмыс істейді

Қазақстанда екінші деңгейлі 9 банк жабылуы мүмкін
Ашық дереккөздерден

Қазақстанда жұмыс істейтін екінші деңгейлі 9 банк жабылуы ықтимал. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ашық талқыға шығарған Реттеу саясатының консультативтік құжат-жобасында жазылған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында екінші деңгейлі 21 банк жұмыс істейді. Оның тоғызын жабу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Былтыр агенттік екінші деңгейлі банктің басшы лауазымына тағайындалмақ болған 13 үміткердің кандидатурасын келісуден бас тартты.

Ал бағалы қағаздар нарығында 49 субъект жұмыс істейді. 2022 жылы агенттік осындай ұйымдардың басшысы лауазымына ұсынылған 10 кандидатты келісуден бас тартты», - деп көрсетілген Ашық НҚА порталында жарияланған Реттеу саясатының консультативтік құжатында.

Сонымен бірге, былтыр қазақстандықтар тарапынан банк және микроқаржы секторындағы ұйымдарының жұмысына қатысты 35 мыңнан аса өтініш түскен.

Бұған қоса, аталған консультативтік құжатта елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қаржы қызметтеріне қолжетімділік деңгейі төмен екені жазылған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Балдан металға дейін: Өскеменде "Қазақстанның үздік тауары" көрмесі өтті
27.06.2025ж. 12:45

Балдан металға дейін: Өскеменде "Қазақстанның үздік тауары" көрмесі өтті

Көрме жәрмеңке форматында өтіп, қонақтарсатып алу мүмкіндігіне ие болған
Қазақстандық лоукостер Skytrax World Airline Awards 2025 жүлдесіне ие болды
Қазақстандық әуе тасымалдаушы Орталық Азия мен ТМД бойынша үздік деп танылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →