×

Түркістандық ұстаз қымыздан балмұздақ, саумалдан сабын жасап шығарды

Адам денсаулығына пайдалы табиғи иммундық қасиеттерге ие

Түркістандық ұстаз қымыздан балмұздақ, саумалдан сабын жасап шығарды
Түркістан өңірлік комуникация қызметі

Түркістандық ұстаз қымыздан балмұздақ, ал саумалдан сабын жасап шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жадыра Байдалы №11-ші Түркістан колледжінде қызмет атқарады. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша арнайы пәннен студенттерге сабақ береді. Жас ұстаз бос уақытында кәсіппен айналысқанды құп көреді.

photo

 

Жадыраның жасап жатқан қымыз балмұздағының басқалардан айырмашылығы – отқа дайындалады және оның құрамы өзгермей, табиғи құндылығын сақтайды. Дәмі де өзгеше. Ең бастысы - сусынның құрамында түйіршікті ақуыздар бар, ол адам денсаулығына пайдалы табиғи иммундық қасиеттерге ие.

«Жаңа жобаның мақсаты – қымыз балмұздағының биологиялық құндылықтарға бай және адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеу. Біздің нарықта ұлттық өнімдер, оның ішінде қымыз өнімдерінің түрлері аз екенін байқауға болады. Балмұздақ жастарға да, балаларға да ұнайды. Қоспасыз биоөнімдер денсаулыққа да пайдалы», – дейді ол.

photo

Сонымен қатар ұстаз емдік пайдасы бар саумал қосылған сабын шығара бастады. Жобаны мемлекет қолдайтын болса, эко өнімдерді болашақта Қазақстанның өзге өңірлері мен шетелге экспорттауды жоспарлап отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Наурыз" бағдарламасы: Тұрғын үй бағасы шарықтап кетпей ме
13.05.2024ж. 12:45

"Наурыз" бағдарламасы: Тұрғын үй бағасы шарықтап кетпей ме

Үміткерге баспана іздеуге 6 ай уақыт беріледі
Кездейсоқтық па әлде басқа ма, әйтеуір біз қазақстандық инвест банктер өзін жақсы сезінетінін байқаймыз

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →