×

Банктерге қосымша құн салығын салу тұтынушыларға ауыр тиеді - Үміт Шаяхметова

Halyk Bank басшысы: Қаржылық қызметтерге ешқашан салық салынбаған

Банктерге қосымша құн салығын салу тұтынушыларға ауыр тиеді - Үміт Шаяхметова
Сурет: kursiv.kz

Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметова қаржылық қызметтерге ешқашан салық салынбағанын және салудың қажеті жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Біз түпкілікті ұсыныстарды көрген жоқпыз. Бірақ түзетулердің бірінші жобасында барлық қаржылық қызметтерге салық салу ұсынылды. Содан кейін депозиттер мен несиелерге салынбайды деді. Кейінірек салық тек комиссиялық болады деп хабарланды. Менің ойымша қаржылық қызметтер ешқашан ҚҚС салынбаған және оларға салық салудың қажеті жоқ, өйткені барлық қосымша салықтар клиенттерге ауыртпалық түсіреді», - деді Халық банкінің басшысы Үміт Шаяхметова.

Несиелер мен депозиттерді қоспағанда, қаржылық қызметтерге қосылған құн салығын (ҚҚС) енгізуді ұсынатын жаңа Салық кодексі әзірленуде. Құжат жобасын жасақтаушылар салық салынатын қызмет құнының айырмашылығын банктер өз кірістерінен өтейді деп үміттенеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Енді азаматтар автокөлікті лизинг арқылы ала алады»: Тоқаев KIA Qazaqstan зауытын ашты
Бүгін, 10:54

«Енді азаматтар автокөлікті лизинг арқылы ала алады»: Тоқаев KIA Qazaqstan зауытын ашты

Оның жылдық өндірістік қуаты 70 мың автокөлікке дейін жетеді
Бұл бастамалар шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, жұмыс орындарын арттыруға бағытталған
Томский қажетті сала мамандарын немесе оларды танитын адамдарды байланысқа шығуға шақырды
Алайда жалақы мөлшері сала түріне қарай өзгереді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →