Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Netflix-тің танымал жобаларын жасаушылар Алтын Орданың негізін қалаушы Жошы хан туралы сериалды түсіруге дайындықты бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Karga seven Pictures продюсерлік компаниясымен бірлесіп құрылған жоба сценарийді әзірлеу кезеңінен өтті, түсірілім орындарын іздеу аяқталды және қазір актерлерге кастинг жүргізілуде.
Астанада Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Каринмен кездесуге жобаның белді қайраткерлері – атқарушы продюсер және режиссер Эмре Шахин, продюсер Фикрет Маноглу және қоюшы суретші Зеки Сарайоглу келді. Кездесу барысында олар жобадағы жұмыстың егжей-тегжейлері туралы айтып, оның маңыздылығын атап өтті.
Айта кетейік, Эмре Шахин – Лос-Анджелес пен Ыстамбұлда жұмыс істейтін түрік режиссері, сценарисі және продюсері. Түркия үшін де, халықаралық нарық үшін де жобалармен жұмыс істейтін karga Seven Pictures компаниясының тең құрылтайшысы болып табылады. Netflix үшін "Rise of Empires: Ottoman" ("Осман империясының көтерілуі") тарихи драмасын қоса алғанда, өзінің деректі және көркем жобаларымен кеңінен танымал.
“2024 жылдың көктемінде біз Жошы хан туралы шағын сериалдың шығатынын жарияладық. Қазір біздің әріптестеріміз Джастин Поллард ("Викингтер") және Клэр Морсум ("Outlow King") сияқты танымал жазушылардың қатысуымен жасалған сценарийді әзірлеуді аяқтады. Сценариймен қазақстандық және халықаралық тарихшылар мен сарапшылар да жұмыс істеді. Жошы ұлысының тарихын, Алтын Орданы, мәдени құндылықтарды және көшпелі өмір салтын зерттеу жобада жұмыс істеуге негіз болды, - деп хабарлады Karga Seven Pictures.
Ерлан Қарин Алтын Орда мен оның негізін қалаушы Жошы хан әлемдік тарих пен өз дәуірінің геосаяси бейнесіне терең әсер еткенін атап өтті. Ол сериал халықаралық аренада қазақстандық мәдениетті насихаттау үшін жаңа көкжиектер ашатынына сенім білдірді.