Ұлпан Әбдікәрімова «Qazaqstan дауысының» алдыңғы маусымының жеңімпазы Құралай Мейрамбектің әпкесі
«Qazaqstan дауысына» қатысып жатқан Ұлпан Әбдікәрімова атты әнші жобаға енесінің арманын орындау үшін келгенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Алғашқы маусымда жобаның болатыны жайлы енем айтқан. Бірақ ол кезде сіңілім Құралайдың қатысуын жөн көрдім. Өзін елге паш етсе деген ниет болды. Құралай алғашқы маусымның жеңімпазы болды. Енді жаңа маусымда енемнің сөзін жерге тастамау үшін жобаға қатыспақпын. Осы сәт енді келіп тұрған шығар», - дейді Ұлпан Әбдікәрімова.
Ұлпан Әбдікәрімова «Qazaqstan дауысының» алдыңғы маусымының жеңімпазы Құралай Мейрамбектің әпкесі.
«Qazaqstan дауысы» жас таланаттардың жолын ашатын байқау деп есептеймін. Ол уақытта Құралайдың қолдаушысы ретінде келсем, енді міне, Құралайдың жүрегі қалай соққанын енді сезіп жатырмын», - дейді ол.
Ұлпан Әбдікәрімованың өнеріне тәнті болған төрт төреші де оған бұрылды. Төрешінің бірі Төлеген Мұхамеджанов Ұлпан Әбдікәрімова орындаған «О, махаббат» әні өзінікі екенін айтты. Маржан Арапбаева «сіз неге Құралаймен бірге қатыспадыңыз» деп Ұлпанға сұрақ қойған. Әнші ол жолы баламен отырғанын жеткізді. Ал әншінің енесі «арманым орындалды» деп қуанды.
«Qazaqstan дауысы» жобасы әр сенбі сайын сағат 20:30-да Ұлттық арнада көрсетіледі.