×

Балаева «Қазақфильм» түсірген қандай киножобалардан қаражат ұрланғанын айтты

«Қазақфильмде» қаржылық тексеру жұмыстары жүріп жатыр

Балаева «Қазақфильм» түсірген қандай киножобалардан қаражат ұрланғанын айтты
Фото: egemen.kz

Мәдениет және ақпарат министрі отандық киноны қолдау мен дамытуға бөлінген қаражаттың ұрлануына байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ОКҚ-да баспасөз мәслихатын өткізген Аида Балаеваның айтуынша, қазіргі құзыретті органдар студия директоры Азамат Сатыбалды бастамасымен «Қазақфильмде» қаржылық тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Аудит нәтижелері қаражаттың жетіспейтінін көрсетті. Ақпараттың бәрі прокуратураға берілді. Жалпы, ақша бірнеше киножобаларда ұрланған. Олардың арасында «Қасым хан» сериясы бар. Құзыретті органдар бұл жерде қаражаттың дұрыс жұмсалмағанын немесе мақсатты түрде ұрланғанын анықтай ма, жоқ па деген мәселеге жан-жақты қарайды. Толық ақпарат барлық фактілер анықталғаннан кейін беріледі», – деді ведомство басшысы ОКҚ брифингінде.

Қасым хан туралы фильм былтыр шыққан еді. «Ұлы дала таңы» тарихи драмасы Қазақ хандығында Жәнібек ханның ұлы Қасым ханның билік еткен кездері туралы баяндайды.

Еске сала кетейік, Алматы қаласының прокуратурасы таяуда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамын тексеріп, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғанын анықтаған еді. Ал оның алдында антикор 2017 жылы Алматы облысының Іле өзен жағасындағы «Көшпенді» киножобасы аясында салынған жасанды «Түркістан» бекінісі Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығымен үлестес коммерциялық ұйымның нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен сатылғанын жария еткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ
23.04.2024ж. 14:11

Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ

Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ
Ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен сұхбат

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →