×

Ақын Серікзат Дүйсенғазы ұлының қазасына байланысты тергеу мәліметтерін жариялады

Ақын бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады

Ақын Серікзат Дүйсенғазы ұлының қазасына байланысты тергеу мәліметтерін жариялады
Фото: әлеуметтік желіден

Ақын Серікзат Дүйсенғазы ұлы Әлиханның қазасына байланысты тергеу процестерінің аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2023 жылы 2 қаңтарда Әлихан Серікзатұлының қазасынан кейін басталған тергеу жұмыстарын Ақмола облыстық Ішкі істер басқармасының тергеушілері 2023 жылғы қазанда аяқтаған болатын. Ақын бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында пост жазды.

«Қазір бұл іс бойынша сот процесі жүріп жатыр. Психологиялық тұрғыдан ауыр болса да, мен бұл іске жәбірленуші ретінде қатысудамын. Қаңтар айының 22-сі күні басталған соттың тергеп-тексеру сатысында кінәлі тарап өздерінің жазасыз қалатындарына сенімділігін байқатуда. Екі адвокат жалдап, өздерінің еш кінәсіз екенін дәлелдегісі келетін тараптың сот процесі кезінде берген оспадар жауаптары мені толғандырып отыр. Сот бұл қылмыстық іс бойынша өз шешімін шығара жатар. Бірақ мен жәбірленуші ретінде қоғамның назарын аударатын бірқатар жайттарды сіздермен бөліскім келеді.

Көпшілікке тау шаңғысы курортының қызметтерін ұсынатын «Elikti Park» ЖШС-ның қазіргі басшысы С. деген азамат (көкшетаулықтардың айтуынша және ашық интернет желісіндегі ақпараттар бойынша, «Elikti Park» ЖШС-ның 2020 жылдан бергі иесі және басшысы осы адам деп тұр. Бірақ «Elikti Park» ЖШС құжаттары бойынша басқа адам күдікті саналып отыр. С.-ны күдікті ретінде тарту туралы талабымызды сот қанағаттандырған жоқ) сотқа куәгер ретінде шақырылған.  Осы С. деген азамат дәл қазір өзі басқаратын «Elikti Park» ЖШС-ның қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сай келмейтінін мойындамай, еліміздегі тау шаңғы базаларында апта сайын адамдардың әртүрлі деңгейде жарақат алатынын мысалға келтіріп, ол Қазақстан Республикасының аумағында қалыпты жағдай екендігін сотта берген жауабында айтты. Және мұны кәдімгі норма ретінде қабылдау қажет деп санайды екен. Сонда ҚР Конституциясында жазылған еліміздің басты байлығы адам деген бапты қайда қоямыз? Адам өміріне қауіпсіз, Әділетті Қазақстан құрамыз деген жоспарымыз қайда?» – дейді ол.

Ол аталған ЖШС-да шаңғы үйрететін қызметкерлердің лицензиясы жоқ екенін айтты.

«Оның айтуынша, «Elikti Park» ЖШС тек шаңғы мен шаңғы тебуге қажетті құралдарды ғана береді. Қалған қауіпсіздігіңнің барлығына өзің жауаптысың. Егер құлап мертігіп қалсаң, алғашқы медициналық көмек көрсету де олардың міндетіне кірмейді екен. Шаңғы үйрететін инструкторларының да, басқа қызметкерлерінің де мұндай қауіпті қызметпен айналысуға  лицензиялары мен оқыған дипломдары жоқ», – деп жазды ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркменстан астанасы Ашхабадта Абай ескерткіші ашылды
Бүгін, 12:55

Түркменстан астанасы Ашхабадта Абай ескерткіші ашылды

Шараға Түркменстанға ресми сапармен барған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты
Филм өзге кинофестивальдерде бірнеше марапат алып үлгерген
Шараға суретшінің қызы мен немересі қатысты
Ұлттық фильмдердi қаржыландырудың тиiмсiз қаржыландырылған фактiлерi анықталған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →