×

Ақтауда оқушы қыздар сыныптасының өкпесін қысып, талдырып тастаған

Облыстық білім басқармасы түсініктеме берді

Ақтауда оқушы қыздар сыныптасының өкпесін қысып, талдырып тастаған
Видеодан скриншот

7-сыныптың қыздары осылайша қауіпті ойын ойнап, оны бейнежазбаға түсірген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осы оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық білім басқармасы түсініктеме берді. Айтуларынша, оқиға 18-сәуір күні Ақтау қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің бірінде болған. Қыздар әжетханасында 7 сынып оқушысын өкпе тұсынан қысу арқылы талдыру фактісі тіркелген. 

"Бүгінгі таңда жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен профилактикалық-психологиялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар аталған оқиғаға қатысты оқушылардың әрекеті Ақтау қаласы әкімі жанындағы кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша арнайы комиссияда қаралады. Ақтау қалалық білім бөлімі басшысының тарапынан мектеп директорына тәртіптік шара қолданылды", - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылордада Ұлттық Ғылым академиясының көшпелі отырысы өтті
Кеше, 22:17

Қызылордада Ұлттық Ғылым академиясының көшпелі отырысы өтті

Кейінгі үш жылда ғылымды дамытуға 4 млрд. теңгеге жуық қаражат бағытталды
Қазіргі дамыған заманда ғалымдар қазақ тілін дамыту үшін қандай еңбектер атқарып жатыр?
Оның айтуынша, мұндай модель Қазақстанда бұрын да қолданылған және өзінің тиімділігін дәлелдей алмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →