×

Абай облысында оқушылар аттестатсыз қалуы мүмкін

Ойшілік ауылындағы Тоғас батыр орта мектебінде 310 оқушы бар

Абай облысында оқушылар аттестатсыз қалуы мүмкін
фото: nur-sultan.fizmat.kz

Абай облысы Ақсуат ауданындағы мектеп оқушылары аттестаттсыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Себебі Тоғас батыр мектебінің директоры білім ошағының тіркеуден өтпегенін жасырып келген. Осыған ашынған ата-аналар 11 жыл оқыған мектептен ұл-қыздарымызға бір жапырақ қағаз бұйырмайтын болды деп наразы.

“Қалайша біздің балаларымыз Тоғас батыр мектебін бітіріп отырып, 11 - 9 сынып оқушылары Сасан би мектебінің аттестатын алады? Осы жағдай бізді қатты алаңдатып отыр. Оған себеп – мектептің аттестациядан өтпеуі. Осы уақытқа дейін мектеп директоры Асхат  Калиолдин басқарды. Сонда үш жылғы жұмыстың қайда кеткені?” – дейді Ойшілік ауылының тұрғыны Әсем Рахметова. 

Ойшілік ауылындағы Тоғас батыр орта мектебінде 310 оқушы бар. Биыл 9 бен 11 сыныпты отыз үш бала бітіреді. Бірақ бұл білім ордасында түлектер үшін соңғы қоңырау соғылмауы мүмкін. Өйткені мектеп екі мәрте аттестациядан өте алмаған. Соның салдарынан білім ошағы түлектерге құжат беру құқығынан қағылып отыр. Сондықтан оқушылар көрші ауылдағы Сасан би орта мектебінің атестаттын алуға мәжбүр. Ал ата-аналар облыстың білім басшыларынан балаларына өздері оқыған мектептен құжат беруін талап етуде.

Алайда бұл ауыл бұрын Шығыс Қазақстан облысына қарағандықтан, қандай қателіктердің орын алғанын тексеруге комиссия жібере алмай отырмыз дейді шенеуніктер. Қазір Тоғас батыр мектебіне үшінші мәрте аттестациядан өтуге мүмкіндік берілген. Сондай-ақ облыс бойынша биыл алты білім ошағы жабылуы мүмкін дейді білімге жауапты мамандар.

“Мысалы, кәсібилігін бақылаудан үшінші рет өтпесе, біз мектептің жабылуын немесе қайта жаңадан құрылуын жергілікті білім бөлімімен бірге қарастыруды бастаймыз. Әлі шешім қабылдаған жоқпыз. Қазір мораторий мерзімі аяқталған соң, әрі қарай көреміз”, – дейді Абай облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Қасымбек Ақжалов. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды
22.11.2024ж. 15:37

Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды

Орталық «Түркі дүниесі жастары» атты форум аясында іске қосылып отыр
ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 
13 қараша күні Талдықорған қаласы оқушылар сарайында облыстық балалар құрылтайы өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →