×

Оқушы қыз сыныптастарына бұрыш спрейін шашқан: Білім басқармасы оқиғаның мән-жайын айтты

Оқушының жағдайы мектеп әкімшілігінің бақылауында

Оқушы қыз сыныптастарына бұрыш спрейін шашқан: Білім басқармасы оқиғаның мән-жайын айтты
pravmir.ru

Алматы білім басқармасы сыныптастарына бұрыш шашқан оқушы қызға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Telegram арнада жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2023 жылдың 6 желтоқсанында №1 мектеп-гимназиясында 11-сынып оқушысының география сабағында  бұрыш спрейін абайсызда қолданғанын хабарлаймыз.

Оқушының айтуынша, ол мектептегі сабақтан соң білім беру курстарына барады. Үйге тым кеш оралатындықтан, өзін қорғау мақсатында өзімен бірге баллонды бұрыш спрейін алып жүреді. Мектеп қызметкерлері бұрыш спрейін оқушыдан алып, полицияға тапсырған. Мектеп әкімшілігі білім беру мекемелерінің ғимаратында газ баллондарын алып жүруге тыйым салу туралы профилактикалық әңгіме жүргізді.

Спрейдің әсерінен 11-сынып оқушылары сабақ үстінде жөтеле бастаған. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медицина қызметкері шақырылды. Алайда оқушылар көмектен бас тартты. Бүгінгі таңда оқушылардың жағдайы қанағаттанарлық. Бір жәбірленуші медициналық тексеруден өтіп жатыр. Оқушының жағдайы мектеп әкімшілігінің бақылауында”, – делінген хабарламада.

Мектеп басшылығы бұл оқиға туралы тәртіп сақшылары мен оқушылардың ата-аналарына хабарлаған.

“Өз міндеттерін тиісті орындамағаны үшін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен оқытушыға тәртіптік жаза тағайындалды. Ювеналды полиция қызметкерлері газ шашыратқыш баллонды мектепке әкелген оқушы қыздың ата-анасына қатысты хаттама толтырып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес айыппұл салынды. Қазіргі уақытта оқушы ата-анасының өтінішімен параллельді сыныпқа ауыстырылды.

Үш оқушы қыздың ата-анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар тарапынан мектепке шағым айтылмады. Бұл оқиғада оқушылардың бірін-бірі қорлаудың ешқандай дәлелі жоқ. Осы ретте мектептің психологиялық қызметі кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша әңгіме жүргізді”, – делінген хабарламада.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі осыған қатысты түсініктеме берген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды
22.11.2024ж. 15:37

Алматыда «Түрксой» медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды

Орталық «Түркі дүниесі жастары» атты форум аясында іске қосылып отыр
ҚазҰУ ғалымдары құны 32 млрд теңгені құрайтын 400-ге жуық жобаны жүзеге асыруда. 
13 қараша күні Талдықорған қаласы оқушылар сарайында облыстық балалар құрылтайы өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →