×

«Мүмкін емес»: Оқу-ағарту министрі мектептерде намазхана ашуға қатысты пікір білдірді

Министр журналистердің сұрақтарына жауап берді

«Мүмкін емес»: Оқу-ағарту министрі мектептерде намазхана ашуға қатысты пікір білдірді
Фото: primeminister.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметтің баспасөз орталығында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналистер «Жалпы мектептерде намазхана болуы керек пе?» деген сұрақ қойды. Ол мектеп намаз оқуға емес, білім алуға арналған орын екенін айтты.

«Мектеп, ең алдымен, тәрбие мен білім ошағы. Сондықтан, мектепті міндетті түрде ұстаздарымыз балаларды білім беруге бағыттауы керек. Үнемі айтып жүрміз. Бұл ұстанымнан біз тайған емеспіз. Сондықтан басқа мәселені көтерудің қажеті жоқ. Жалпы мектеп – сапалы білім мен тәрбиені үйретуге арналған орын. Сондықтан бұл мүлдем мүмкін емес»», – деді Бейсембаев.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде оқушылардың мектепте намаз оқып жатқан видеосы тараған болатын. Оқу-ағарту министрі аталған жағдайға қатысты тексеріс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
17.05.2025ж. 16:45

Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aлдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады
Биыл 216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш берген
Министрлік мәліметінше, бағдарлама шеңберінде 120 қазақстандық жас маман Испанияда инжиниринг саласында арнайы кәсіби даярлықтан өтеді
Бұған дейін көрші елден 30 адамнан құралған алғашқы топ оқып қайтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →