×

Қылмыстық топтан тәркіленген мүлікті шетелге сатпақ болған

2,2 млрд теңге мүлік шетелдік инвесторларға сату үшін бөгде тұлғаларға қайта ресімделген

Қылмыстық топтан тәркіленген мүлікті шетелге сатпақ болған
Сурет: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Алматыда қылмыстық топтың тәркіленген мүлкін шетелдіктерге сатпақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлмдеп отыр.

Қаржылық мониторинг агенттігі таяуда «AV-Construction» ЖШС, «Шыны зауыты» ЖШС, «Шалқар 17» ЖШС, «Бахар-А» ЖШС және басқа да кәсіпорындарды рейдерлік басып алу фактілері бойынша Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты тергеуді аяқтаған.

“Сот «Nikolsky Investment» ЖШС-на тиесілі Алматы қаласындағы «Никольский» базарының аумағында орналасқан жер учаскесі мен мүлікке тыйым салған. Олардың құрылтайшысы Айдос Қоспаев. Алайда қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ базасына жалған ақпарат енгізу арқылы шектеулер алынып тасталған. 5 қазанда құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер учаскесі шетелдік инвесторларға сату үшін бөгде тұлғаларға қайта ресімделген.Осыған қатысы бар бұрын сотталған үш адам ұсталып, қамалды”, – делінген ҚМА хабарламасында..

Сондай-ақ  қазіргі уақытта оларға жалған құжат жасап, мүлікті иеліктен шығаруға көмектескен сыбайласы анықталып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →