×

Ақтаудағы ұшақ апаты: Қара жәшікті Астанаға әкелетін күн жақын

Көлік министрлігі апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігіне қатысты мәлімдеме жасады.

Ақтаудағы ұшақ апаты: Қара жәшікті Астанаға әкелетін күн жақын
ТЖМ

Алдағы күндері Астанаға «қара жәшіктен» алынған материалдар жеткізіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстанға жеткізілгеннен кейін сарапшылар борттық өздігінен жазғыштардан алынған деректерді дереу зерделеуге кіріседі. 

Алдағы күндері Астанаға авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия мүшелерінің борттық өздігінен жазғыштардан (қара жәшіктерден) алынған материалдармен келуі күтілуде. Келген соң сарапшылар борттық өздігінен жазғыштардан алынған деректерді дереу зерделеуге кіріседі, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты. Оның арасында 6 Қазақстан азаматы болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Сот отырысы  бейнекамералардан алынған жазбаларды зерттеу нәтижесінде жүргізілген
Куәгерлер әйелді вагон астынан шығарып үлгергенімен, дәрігерлер келгенге дейін жан тапсырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →