×

Қаралы хабар: Танымал жазушы, драматург Әкім Тарази дүнеден өтті

Қаралы хабарды Жазушылар одағы жеткізді

Қаралы хабар: Танымал жазушы, драматург Әкім Тарази дүнеден өтті

Белгілі жазушы, драматург Әкім Тарази өмірден озды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Жазушылар одағының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қадірлі ақсақалымыз Әкім Тарази өмірден озды. Қонақасыға, жерлеуге қатысты мәліметтерді қосымша хабарлаймыз”, – делінген хабарламада.

Әкім Уртайұлы Әшімов (Әкім Тарази)  9 қыркүйек 1933 жылы Алматыда туған. Кеңестік және қазақстандық жазушы, драматург, сценарист. Қазақстанның Еңбек Ері (2021), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1999). Қазақстан Республикасының Әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

 Орта мектепті 1950 жылы Жамбыл обылысы, Луговой (Рысқұлов), Жаңа тұрмыс ауылында бітірген.

1957 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

1968 жылдан Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

1956 жылдан еңбек жолын бастаған. Жамбыл облысының Шу ауданы мұғалім (1956-58), "Ара" журналында фельетонист (1958-59), "Қазақстан пионері" газетінде жауапты хатшы (1962- 70), "Қазақфильм" киностуциясында сценарийлік редакциялық алқа мүшесі, бас редактор, 1970-71 "Литературная газетаның" Қазақстан бойынша тілшісі, 1971-80 жылдары Қазақстан Кинематографиялық одағы басқармасының 1-хатшысы болды. 1986- 91 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1991-93 жылдары Қазақстан Ресупбликасы Мәдениет министрлігінің кеңесшісі, 1993-95 жылдары "Қаржы-қаражат" журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. 1995 жылдан Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының доценті.

2009 жылдан Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Берденовке оқ атты деген күдікті жұмыс істеген қандай мекеме?
Бүгін, 13:41

Берденовке оқ атты деген күдікті жұмыс істеген қандай мекеме?

Кәсіпорын мемлекеттік сатып алу сайтында белсенді емес
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ
Апатты деп танылған № 2 жатақхананың 5 қабатты ғимараты 1972 жылы салынған  
Сот шешімі араға жыл салып шығып отыр. Оқиға өткен жылы 14-16 сәуір аралығында болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →