×

Тоғыз рет сотталып, қауіпті рецидивист атанған Серік «Голова» қайтыс болды

2022 жылы «Серік Голова» журналист Оралғайша Омаршанованы 2007 жылы өлтіргенін абақтыда айтты.

Тоғыз рет сотталып, қауіпті рецидивист атанған Серік «Голова» қайтыс болды
Фото: «Письма президенту» телеграм-арнасынан скриншот

Қазақстанда қылмыстық топ құрғаны үшін сотталған қылмыс серкесі Серік Жаманаев өмірден өтті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Ол ұзаққа созылған сырқаттан кейін ауруханада көз жұмды.  Жаманаев онкологиялық дертке шалдыққан болатын.

Серік Жаманаев 1965 жылы 21 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Фабричный ауылында (қазіргі Карғалы) дүниеге келген. Алғашқы жазасын 1982 жылы ұрлық жасағаны үшін алған. Үш жыл түрмеде отырып, бостандыққа шыққан соң, қарулы шабуыл жасап, ауыр дене жарақаттарын салған. Осы қылмысы үшін 1986 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Сол кезде ол кез келген жағдайдан шығу жолын тез табатын қабілетінің арқасында «Голова» деген лақап атқа ие болған. 

2022 жылы «Серік Голова» журналист Оралғайша Омаршанованы 2007 жылы өлтіргенін абақтыда айтты.

Тергеу изоляторында отырғанда оған соңғы деңгейдегі бауыр қатерлі ісігі диагнозы қойылғаннан кейін ол дінге бет бұрған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Адам өлтірді деген күдікке ілінген отбасыдан төрт асыранды баланы мемлекет қарамағына алу шешімі қабылданды.
Олардың қатарында жүкті әйел мен бір бала да болған.
Ол полиция қызметкерлеріне қарсы жасалған арандату, жалған ақпарат тарату және тәртіпсіздікке шақыру әрекеттерінің куәсі болдық деп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →