Атырауда Солтүстік Каспий жобасында (NCOC) департамент басшысы болған 46 жастағы әйелді үйінде өлтіріп кетті. Осыған қатысты Ерлан Ақкенженов пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Марқұм бірнеше жылданмұнай-газ саласындағы компанияда лазауымды қызмет атқарған.
Бұл - жантүргірелік жағдай. Қайғылы жағдайды телеграмнан оқып білдім.Өз атымнан марқұмның отбасына, туыс-туғандарына қайғырып көңіл айтамын. Мен әйелді жеке танымаймын. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр, - дейді министр.
Ерлан Ақкенженов «қылмыстың оның жұмысына қатысы бар ма, жоқ па - тергеу органдары анықтайды» деп отыр.
Айта кетейік, Атырауда NCOC компаниясының дамытуды жоспарлау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген 46 жастағы Бибігүл Шпанованы өз пәтерінде өлтіріп кетті. Марқұм жүкті болған. Полиция қазіргі кезде «кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.