×

Ресейде оқушы қыз мектепте атыс шығарып, артынша өзіне қол салды

Ресейлік БАҚ мәліметінше, қыз әкесіне тиесілі мылтықтан оқ атқан

Ресейде оқушы қыз мектепте атыс шығарып, артынша өзіне қол салды
Фото: instagram.com/bryansk_official

Ресейдің Брянск қаласындағы мектептердің бірінде атыс болды, қауіпсіздік күштері ғимаратты қоршауға алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

BAZA Telegram-арнасы мәліметінше, 8-сынып оқушысы атыс шығарған. Алдын ала мәлімет бойынша, 8 "А" сынып оқушысы биология сабағында оқушыларға оқ жаудырған. Ол гимназияның төртінші қабатына көтеріліп, сыныпқа кіріп, оқ атқан. Ол төрт баланы жаралап, кейін өзіне қол жұмсағаны айтылды.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, қыз әкесіне тиесілі мылтықтан оқ атқан.

Mash Telegram-арнасы мәліметінше, атыс шығарған сегізінші сынып оқушысы мектепте қорлық көрген. Бүгінгі қайғылы оқиғаның бір себебі осы болуы мүмкін, себебі 8-сынып оқушысы ұл балаларға оқ жаудырған.

"Оқиға екінші сабақта болды, биология болатын. Алина қаруын алып, оқ жаудырған сәтте балалар партаның астына тығылмақ болды. Мұғалімдер қызды ақылға шақырды, бірақ ештеңе шықпады. Алинаны қосқанда, екі адам қаза болды, тағы төртеуі жарақат алды", – деп жазады Mash.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуандық Бишімбаевтың әкесі Салтанатқа үйленуіне қарсы болған – ресейлік блогер
Бүгін, 15:29

Қуандық Бишімбаевтың әкесі Салтанатқа үйленуіне қарсы болған – ресейлік блогер

Наталья Грэйс Астанада өтіп жатқан Бишімбаевтың сотына қатысқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →