×

Көкшетауда бүйрегін сатпақ болған жігіт сотталды

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ

Көкшетауда бүйрегін сатпақ болған жігіт сотталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Әлеуметтік желіге бүйрегін сатуға хабарлама берген Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Көкшетау қалалық сотына сілтеме жасап.

«Ер-азамат әлеуметтік желіде шарттық баға бойынша өзінің ішкі органын сату туралы хабарландыру жариялаған. Полиция қызметкерлерімен ерікті түрде жәрдемдескен тұлға қылмыстық әрекетті имитациялау барысында сатып алушы болып, «К.»-мен мәміле жасауға келіскен.

Заңсыз мәміле жасау кезінде «К.» ұсталған. Қылмыстық іс сотталушымен кінәсін мойындау туралы процестік келісіммен сотқа түсті», – делінген хабарламада.

Сот үкімімен ер адамға шартты түрде 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оған пробациялық бақылау белгіленді. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Ақтөбе қаласының тумасы өз ағзасын 18 мың АҚШ долларына бағалап, интернетке жарнама бергені анықталған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →