×

«Педофилиямен айналысты». Алматыда подполковник ұсталды

Жас баланы өлтіргені немесе педофилия үшін «өмір бойы бас бостандығынан айыру» жазасы қолданылады

«Педофилиямен айналысты». Алматыда подполковник ұсталды

Желіде подполковник педофилиямен айналысты деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Осыған қатысты Алматы қалалық полиция департаменті жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Объектив мән-жайлар анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы полиция департаменті өкілдері.

Айта кетейік, Мәжілісте қабылданған заңға сәйкес кәмелетке толмаған не дәрменсіз күйдегі адамды азаптау, денсаулығына ауыр және орташа зиян келтіргені үшін жазаның «бас бостандығын шектеу» балама түрі алынып тасталып, тек бас бостандығынан айыру; Жас баланы өлтіргені немесе педофилия үшін «өмір бойы бас бостандығынан айыру» жазасы қолданылады.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →