×

Павлодарда мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты

Өңірде ведомствоаралық сараптамалық топ жасақталды

Павлодарда мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты
Фото: Almaty Tv

Павлодарда мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты. Асхананы жалға алып отырған 5 кәсіпкерге 1 млн теңге шамасында айыппұл салынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап.

Көпшіліктің айтуынша, бұл жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Айыппұл арқалаған азаматтар бұған дейін де бірнеше рет санитарлық талапты бұзған.

Қазір өңірде ведомствоаралық сараптамалық топ жасақталып, 16 мектеп тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ тамақты сапасыз дайындаған кәсіпкерлермен қоса, білім ошақтарының басшылары да жауапкершілікке тартылады.

«Білім беру бөлімі мен 4 мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылды. Негізгі мақсат –  айыппұл салу емес. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу», – деді қалалық Білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды
Кеше, 18:34

Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды

103 қызметінің пультіне бір күн ішінде «баланың құлауы» деген себеппен төрт түрлі шақырту түскен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →