×

«30 жылда әбден босаңсып кеттік». Атырау облысының әкімі халыққа үндеу жасады

Оның айтуынша, табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялаудың бірнеше мақсаты бар

«30 жылда әбден босаңсып кеттік». Атырау облысының әкімі халыққа үндеу жасады

Су тасқынынан зардап шегіп жатқан Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов баспасөз мәжілісін өткізіп, тілшілердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.


«Шыны керек, 1994 жылғы су тасқынынан кейін біз босаңсып, соңғы 30 жылда өзендердегі су азайып бара жатқанына үйреніп қалдық. Сондықтан түп тереңдету жұмыстары ұзақ уақыт бойы жүргізілмеген.  Бөгеттер нығайтылмаған, жағалаудың кейбір тұсында мүлдем алынып тасталған. Судан қорғау аймағынан ауыл шаруашылығының қажеттілігі үшін жер телімдері берілген. Өзен арналары тазартылмады. Бұл жұмыстардың барлығын өңірге тасқын су келгенге дейін атқаруымыз керек еді», - деді Серік Шәпкенов.

Оның айтуынша, табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялаудың бірнеше мақсаты бар. Біріншіден, су тасқынына тиімді дайындықты ұйымдастыру. Екіншіден, техникалар мен жабдықтар тарту, үшіншіден ғылыми зерттеулер жүргізу, өңірдегі өзен жағалауларын нығайту мақсатында жарияланған.


«Егер облыс тұрғындарының өміріне нақты қауіп төнсе, біз бұл туралы алдын ала хабарлаймыз. Бүгіннен бастап осылай жиі брифинг өткізіп отырамыз. Сөйлеушілер, яғни, түрлі жауапты орган басшылары, оның ішінде облыстық ТЖД өкілдері – барлығы үшін арнайы кесте құрылады. Олар шұғыл қабылданған шешімдер мен басқа да маңызды мәліметтермен бөлісіп отыратын болады», - деді әкім.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Бүгін, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →