×

«Өлгенше сабаған»: жұмбақ жағдайда көз жұмған спортшы баланың туған-туыстары мәлімдеме жасады

Мектеп-интернаттың есінен танып, кейін көз жұмған баланың туыстары ол кісі қолынан өлді деп санайды

«Өлгенше сабаған»: жұмбақ жағдайда көз жұмған спортшы баланың туған-туыстары мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөзден

Жұмбақ жағдайда көз жұмған 13 жастағы жасөспірімнің туыстары әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Есет батыр атындағы олимпиадалық резервтегі Ақтөбе облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі тәрбиеленушісі ұрып-соққаннан болды деп есептейді.

«Бауырым Бексұлтан Әбубәкірді жоғары сыныпта оқиытн мектеп оқушылары ұрып өлтірді. 11 сәуірде кешке бауырларым бөлмелерді жинамағаны үшін ол жерде дедовщина болған. Төбелес кезінде Бексұлтанды алдымен тоғызыншы сынып оқушылары ұрып, 5 рет соққы жасаған. Содан кейін оныншы сынып оқушысы бетінен тағы екі соққы жасап, кейін кеудесінен тағы ұрған. Қатты соққыдан ол еденге құлап, есінен танып қалған. Бексұлтан ұрып-соққаннан жан тапсырды», - деп қорытындылады пост авторы. 

Ол өзін әлеуметтік желілерде марқұмның ағасы деп таныстырады.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері іс бойынша толығырақ ақпаратты әлі таратпаған. Оқиға жайлы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тенгриньюс ақпарат порталына түсініктеме беріп үлгерген.

«Тергеу жүріп жатыр. Түнгі тәрбиешінің сол кезде қай жерде болғанына қатысты сұрақ бар, өйткені бұл балаларды бақылау мен қорғауды қамтамасыз ету оның тікелей міндеті еді. Оны да полиция қызметкерлері де алып кетті, дәл осы сәтте қай жерде болғанын анықтайды. Әйтпесе, жұмыста болуы керек. Тергеу барлық мән-жайлы анықтайды», - дейді Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров.

11 сәуірде Есет батыр атындағы Ақтөбе мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде қайғылы оқиға болды. Сегізінші сынып оқушысы есінен танып, кейін жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Спорт мектебінің басшылығы жігітті бапкер алып қалуға тырысып, 103 бригадасын шақырғанын хабарлады. Полиция денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті
22.11.2024ж. 15:20

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →