×

Ақтөбеде 8-сынып оқушысының өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

Марқұмның әпкесі үндеу жасады

Ақтөбеде 8-сынып оқушысының өліміне қатысы бар күдікті ұсталды
Фото: mgorod.kz

11 сәуірде кешке Ақтөбедегі олимпиадалық резервтегі мектеп-колледжде Бексұлтан есімді 14 жастағы оқушы қайтыс болды. Осы жайтқа қатысты жаңа деректер айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция «денсаулықа қасақана зиян келтіру бойынша» тергеу басталғанын айтты.  Ал 13 сәуірде Instagram-да марқұмның әпкесінің үндеуі пайда болды. Оның сөзінше, Бексұлтанды жоғары сынып оқушылары соққыға жыққан. Ағайынды Бексұлтан мен Ерсұлтан олимпиадалық резерв мектебінің 8-сыныбында оқыған.

«11 сәуірде кешкі сағат 20:30 бен 21:00 шамасында бөлмелерді жинамағаны үшін менің бауырларым соққыға жығылған. Төбелес кезінде Бексұлтанды алдымен 9-сынып оқушылары ұрып-соққан. Содан кейін 10-сынып оқушысы оның бетінен 2 рет ұрған, ал кеудесінен бірнеше рет соққан. Қатты соққыдан ол еденге құлап, есінен танып қалған. Бексұлтан соққыға жығылып, қаза тапты, ал Ерсұлтанның көз алдында бауырын өлтірді», – деп жазды ол.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті өкілдері күдікті анықталып, қамауға алынғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде олимпиадалық резерв мектебінің оқушысы қайтыс болғаны хабарланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →