×

Петропавлда зейнеткер әйелін соққыға жығып, үйін жарып жіберген

Жарылыстан көрші үйлер де бүлінген

Петропавлда зейнеткер әйелін соққыға жығып, үйін жарып жіберген
Фото: astanatv.kz

94 жастағы қария әуелі әйелімен жанжалдасқан, кейін үйдің ішінде газ баллонын жарып жіберген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Astanatv арнасының мәліметінше, оқиға орнына екі өрт сөндіру бөлімінен құтқарушылар жіберілген. Олар үйден 4 газ баллонын алып шықты. Полиция факті бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 94 жастағы қария қатты күйіп, ауруханаға түскен.

Жарылыстан бұрын зейнеткердің әйелі көршісінің үйіне келіп, көмек шақырғаны белгілі болды.

«Галя, тез өрт сөндірушілерді шақыр, қазір үй жарылады. Шал мені ұрып тастады, баллондарды айналдыра қойып қойды, қолында балта бар деді. Мен дереу қоңырау шала бастадым. Шұлығымен ғана шығып кетіпті, үсті-басы қан, аяқ-қолынан соққы алғаны көрініп тұрды. «Галя ол мені 69 жылда осылай қатты ұрды» деді маған», – дейді зейнеткердің көршісі 80 жастағы Галина Каменева.

Көршілері зейнеткерді «мінезі шатақ, жанжал шығарып жүретін адам» деп суреттейді. Оның жасын сыйлап үндемегендерін айтады. Қария бұрын да бірнеше рет осындай қылыққа бармақ болған, сол үшін арнайы ауруханаға да жатып шыққан көрінеді. Бірақ есінің дұрыстығына байланысты ауруханада ұзақ тұрақтамаған. Тұрғындар қарияға бір шара қолдануын сұрап, полицейлерге де талай хабарласқан екен.

Жарылыстан көрші үйлер де бүлінген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →