×

Ауылдасын пышақтап, Кореяға қашқан: күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды

Ауылдасын пышақтап, Кореяға қашқан: күдікті Қазақстанға экстрадицияланды
Фото: Бас прокуратура

Бас прокуратура адам өлтіруге оқталған күдіктіні Корея Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы елшілігі көмегімен адам өлтіруге оқталған күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін экстрадициялады.

"Аталған тұлға 2022 жылдың наурыз айында Түркістан облысының Сауран ауданында ауылдасымен жанжалдасып, артынан төбелеске ұласқан. Төбелес барысында күдікті қарсыласының кеуде тұсынан бірнеше рет пышақ сұққан. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалды. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті Корея Республикасының аумағында жасырынып жүрген және биыл маусымда сонда ұсталған", - делінген хабарламада.

Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.

Қылмысты жасағаны үшін сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

"Күдіктіні экстрадициялау Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірлеген Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы 2003 жылғы 13 қарашадағы ұстап беру туралы шарттың болуының арқасында мүмкін болды".

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →