×

Қырғызстандағы селден қазақстандық екі бала қаза тапты

Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел тасқыны болды

Қырғызстандағы селден қазақстандық екі бала қаза тапты
© Sputnik / Михаил Мокрушин /

28 маусымда Қырғызстанда нөсер жауын-шашын салдарынан Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел тасқыны болды. Осы апаттан Қазақстанның кәмелетке толмаған екі баласы қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қырғызстанның Төтенше жағдай министрлігінің алдын ала берген ақпараты бойынша, қаза тапқандардың арасында қазақстандық екі бала бар.

«Қазіргі таңда екі баланың денесі табылып, тағы екеуін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Табиғи апат орнында қырғыз тарапының құтқару қызметтері жұмыс істеуде. Қазақстандық дипломаттар жергілікті билікпен тұрақты байланыста. Біздің Қырғызстандағы елшілігіміз қайтыс болған балалардың туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп жатыр. Бұл қайғылы оқиға ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше бақылауында», – делінген СІМ хабарламасында.


Осыған байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғызстан СІМ басшысы Жээнбек Кулубаевпен телефон арқылы сөйлесіп, төтенше жағдайдың мән-жайын және екі елдің тиісті мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын талқылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Астанадағы KaRima кафесінде болған өрттен сегіз пәтер зардап шекті
Бойжеткен мен оның туыстары тергеудің созылып кеткеніне шағымданды
Алматылық тұрғын Дильбар Тимурова бұрынғы күйеуінің шабуылы жайлы айтып берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →