×

Алматы облысында 16 жастағы оқушы қыз үш күннен бері табылмай жатыр

Жоғалған қыздың өзбекстандық жігіті болғаны анықталған

Алматы облысында 16 жастағы оқушы қыз үш күннен бері табылмай жатыр
Фото қыздың жақындарынан алынды

Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауылында 16 жастағы Айкүміс Қуатбек жоғалып кетті. Ол «балмұздақ әкелемін» деп, үйінен шығып, хабарсыз кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қызым 14 шілде күні сағат 17:00-дерде келесі көшеде орналасқан дүкенге менен сұранып шықты. Дүкенде тұрып, балмұздақ аламын деген хабарлама жазған. Ағасы 900 теңге жіберген. Артынан «ақша түсті ме» деп сұрағанда телефоны өшіп тұрған», – дейді қыздың анасы Жанар.

Анасының айтуынша, қыздың дүкенге келген-келмегені сатушылардың есінде емес. Онда ешқандай камера да жоқ. Алайда қыздың дүкенде тұрғанын көрген адамдар бар. Жақындары сол күні кешкі 21:00-дерде бірден полиция хабар берген.

Кейіннен жоғалған қыздың өзбекстандық жігіті болғаны және соңғы рет сол адаммен байланысқа шыққаны анықталған.

«Ол жігітті танымаймыз да. Ол бұрын сотталған азамат екен. Атын «Ерболат» деген екен. Шын аты басқалай болып шықты. Полиция оны да іздестіріп жатырмыз, әпкесін таптық дейді. Сондай дәйектер белгілі болып жатқанда, неге үш күн болды әлі табылмай жатыр» – деді әпкесі.

Ол бүкіл ауыл болып Айкүмісті іздестіріп жатқанын жеткізді.

Жеке белгілері: Бойы 155-160 см, дене бітімі толықтау, шашы қара, иығынан асады, көзі қоңыр. Қыздың үстінде қара сұрғылт жейде мен қара шалбар болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →