×

«Жаңа Қазақстан» жайлы әзілдеген стендап-комик 10 күнге қамауға алынды

Қаулы заңды күшіне енген жоқ

«Жаңа Қазақстан» жайлы әзілдеген стендап-комик 10 күнге қамауға алынды
Видеодан кадр

Сот оның қоғамдық жерде жасалған бұзақылық әрекеті үшін 10 күнге қамауға алу жөніндегі шешім шығарған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұзақылық әрекеттер жасағаны үшін А.Меркульге қатысты істі (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі) қараған. 

«Істің мән-жайларынан А.Меркуль «Instagram» әлеуметтік желісінде және «YouTube» арнасында қоғамдық орында сөйлеген сөзінің бейнежазбасын жариялап, сол арқылы айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындап, айыппұл қолдану туралы өтініш білдірді. Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайы құқық бұзушының айғақтарымен, бейнежазбамен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және істің басқа да материалдарымен расталды. ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеліп соғады», - делінген қаулыда.

Осылайша, сот қаулысымен құқық бұзушы А.Меркуль әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

«Қазақстан жаңа, бірақ кедейлік бұрынғыдай. Өте кедей өмір сүріп жатырмыз. Кедей адамдар көп. 50 теңге үшін төбелесуге дайын адамдар барын білесіздер ме? Көзіммен көрген шынайы оқиға», - деп әзілдеген ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті
Сирек кездесетін жануар 20 қараша күні автокөліктің жүк салғышынан табылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →