×

Rolls-Royce, Aston Martin: Қайрат Сатыбалдыұлы тағы 50 миллиард теңгеден астам активті қайтарады

Ол 2 жылда мемлекетке 783 млрд теңгенің мүлкін қайтарды

Rolls-Royce, Aston Martin: Қайрат Сатыбалдыұлы тағы 50 миллиард теңгеден астам активті қайтарады
Фото: gov.kz

Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке тағы 50 миллиард теңгеден астам активті қайтарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті жазуынша, қазіргі таңда 18 млрд теңгеге активтер қайтарылды. Олардың қатарында Алматыдағы 2 ірі бизнес орталығы, коммерциялық жылжымайтын мүлік және Астананың беделді ауданындағы элиталық үй бар. Сатыбалдыұлынан тінту барысында алынған 95 мың АҚШ доллары Арнайы мемлекеттік қорға аударылды.

«Сонымен қатар жүздеген миллион теңгеге эксклюзивті зергерлік бұйымдар, брендтік сағаттар, коллекциялық монеталар және басқа да сәнді бұйымдар (көлемі 174 атау бар) мемлекетке қайтарылды.

Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы құны 192 млн теңгені құрайтын Rolls-Royce Cullinan және Aston Martin маркалы көліктер түріндегі активтер қайтарылды. Жалпы сомасы 33 млрд теңгені құрайтын Қ.Сатыбалдыұлы мен оның жақындарына тиесілі шетелдік мүліктің тапсырылуы аяқталу сатысында», - деп хабарлады прокуратура.

Оларға:

  • Дубай қаласындағы құны 20 млрд теңге тұратын екі бағалы вилла
  • Францияның Көкшіл жағалауындағы құны 4 млрд теңге тұратын төрт элиталық пәтер
  • Құны 5 млрд теңге тұратын Ресейдің Мәскеу қаласындағы беделді тұрғын үй кешендеріндегі 15 жылжымайтын мүлік
  • Құны 4 млрд теңгеден астам Түркияның Бодрум және Стамбул қалаларындағы екі элиталық вилла және пәтер жатады.
  • Басқа істерді ескере отырып, Қ.Сатыбалдыұлы 2,5 жыл ішінде мемлекетке 783 млрд теңгеге активтерді қайтарды.

Еске салайық, бұған дейін Австрия, Лихтенштейнге тығылған ақша, эксклюзив бұйым, люкс нысан қайтарылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →