×

Ұлытау облысында қарулы браконьерлер ұсталды

Ұсталғандар көрші облыстың тұрғындары болып шықты

Ұлытау облысында қарулы браконьерлер ұсталды
Фото: polisia.kz

Ұлытаулық Полиция қызметкерлері "Охотзоопром ӨБ" РМҚК инспекторларымен бірлесіп жүргізген рейд шеңберінде бірнеше адамнан құралған браконьерлік топты анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметінің 23 тамыздағы ақпаратына сәйкес, тексеру барысында ұсталғандардан "Урал" маркалы екі мотоцикл, 15 ақбөкен еті, 29 дана кесілген мүйіз, 2 бірлік тегіс ұңғылы қару табылды.

"Ұсталғандар 44-53 жас аралығындағы көрші облыстың тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", – деп хабарлады Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ала алмаймын»: 5 жылға сотталған журналистке пара ұсынғандардың видеосы тарады
30.04.2026ж. 18:00

«Ала алмаймын»: 5 жылға сотталған журналистке пара ұсынғандардың видеосы тарады

Желіде 5 жылға сотталған Арай Есенбектің парадан бас тартқан видеосы тарады 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →