×

«Жүрегі 3 рет тоқтаған»: Астанада дәрігерлер жүкті әйелді өлім аузынан құтқарды

Ол дәрігерлерге алғыс айтты

«Жүрегі 3 рет тоқтаған»: Астанада дәрігерлер жүкті әйелді өлім аузынан құтқарды
Фото: almaty.tv

Астанада №2 көпбейінді аурухананың дәрігерлері жүкті әйелді өлімнен құтқарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, қаладағы №2 көпбейінді ауруханаға өте ауыр жағдайда жүкті әйел жеткізілген. Ауыр созылмалы аурудың салдарынан 30 жастағы Анастасияның жүрегі 3 рет тоқтаған.

«Науқас бірден реанимация бөліміне жатқызылып, өкпені жасанды желдету желдету апаратына қосылды. Дәрігерлер жүкті әйелді өлім аман алып қалу үшін 3 апта күресті. 1 аптадан соң Анастасия есін жиып, оңалтудан кейін гинекология бөлімшесіне ауыстырылды. Ол 1 ай бойы медициналық қызметкерлердің қажырлы еңбегі арқасында тыныс алуды, тамақтануды, жүруді және сөйлеуді қайта үйренді», - делінген хабарламада.

Анастасия дәрігерлерге алғыс айтты.

«Барлық медицина қызметкеріне рақмет айтамын. Олар менің баламды құтқарып. Өлімнен аман қалдым», - деді ол ағынан жарылып.

Гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Оразалы Абдраманов бүгінде науқас өзін жақсы сезінетінін, ауруханадан шығуға дайындалып жатқанын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды
Бүгін, 16:56

Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

Тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаттары жоқ нысандар кірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →