×

Көшеде масайрап жүрген БҚО-лық шенеунік қызметінен кетті

БҚО-да жанжал тудырған видео

Көшеде масайрап жүрген БҚО-лық шенеунік қызметінен кетті
Видеодан скриншот

БҚО-да табиғат қорғау прокуроры даулы видеодан кейін қызметінен кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Азамат Сәтбаев қызметтік тексеру нәтижелерін хабарлады.

«Фото және видео суреттердің нақты түсірілген күнін анықтау мүмкін болмады. Бұл ретте әлеуметтік желі қолданушылары мен интернет-ақпараттық ресурстарда оқырмандар арасында қоғамдық наразылық туып, көптеген талқылаулар болды», – деді Азамат Сәтбаев.

15 тамызда жүргізілген қызметтік тексеріс қорытындысы және облыстық прокуратураның тәртіптік комиссиясының ұсынымы негізінде Абылай Бисқалиев қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Бисқалиев мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетіне қойылатын жоғары талаптарды түсініп, басшылыққа атқарып отырған лауазымынан босату туралы өтінішпен жүгінді. 20 тамызда ол БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметінен босатылды», - делінген жауапта.

Айта кетейік, тамызда әлеуметтік желіде БҚО мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиевтің күндіз мас күйде көше кезіп жүргені түсірілген видео тараған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Бүгін, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →