×

FlyArystan бір жолаушыдан  10 млн теңгеге жуық ақша өндіріп алды

Шешімді Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты шығарған

FlyArystan бір жолаушыдан  10 млн теңгеге жуық ақша өндіріп алды
Фото: FlyArystan

FlyArystan әуе компаниясы 2023 жылдың 23 желтоқсанында Шымкенттен Алматыға қарай ұшқан ұшақтың бүйіріндегі есікті ашып жіберген жолаушыны сотқа беріп, істі жеңіп шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Енді жолаушы әуе компаниясына 9 млн 551 мың теңге шығын өндіріп беруі керек. Бұндай шешімді Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты шығарған.

«Оқиға 2023 жылдың 23 желтоқсанында, Шымкент-Алматы бағытында ұшқан KC7106 рейсінде болды. Ұшақ қонғаннан кейін, жолаушылардың бірі 12-ші қатарда орналасқан және тек төтенше жағдайларда ғана ашуға арналған есікті ашып жіберген.  Осылайша, әуе компаниясына 9 551 922 теңге көлемінде шығын келген», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Сот үкімі шыққаннан кейін бұған дейін журналистерге түрін түсіруге тыйым салған Жиенбай Пралиев аяқ астынан сұрақтарға ашық жауап берді
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала қаза тапқан.
Полиция жол-көлік оқиғасын тергеп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →