×

Талғардағы Шерзаттың үйін өртеген: полиция куәгерлерден жауап алып жатыр

Сондай-ақ бейнебақылау камераларынан жазбалар зерттелуде

Талғардағы Шерзаттың үйін өртеген: полиция куәгерлерден жауап алып жатыр
Фото: Қойшыбек Мүбарак

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу аясында куәгерлерден жауап алынып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сондай-ақ бейнебақылау камераларынан жазбалар зерттелуде.

— Отбасының тұрғылықты жері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды, - деп хабарлады полиция.

Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов істі бақылауға алған еді. Соған қарамастан марқұм Шерзат Болаттың жетісіне жетпей, белгісіз біреулер үйін өртеп кеткен. Оның алдында марқұмның әкесі біреулер өзін сыртқа шақырып алып, қорқытқанын айтқан.

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзаттың үйі өртеніп кеткені кеше түнде белгілі болды.

 

«Түнде маған жәбірленушілердің туыстары қоңырау шалып, Талғарда өлтірілген 16 жасар Шерзаттың ісі жәбірленушілеріміздің үйі өртеніп жатқандығы туралы хабарлады», - деп жазды Саида Тәукелева Instagram парақшасында.
Алматы облысы ПД тәртіп сақшылары тарапынан қаза тапқан 16 жасар Шерхат Болаттың отбасы тәулік бойы күзетілетінін хабарлады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →