×

Есірткі саудасы қызған телеграм жабыла ма - министрлік жауап берді

Күніне 100 не 200 арна пайда болады.

Есірткі саудасы қызған телеграм жабыла ма - министрлік жауап берді
city73.ru

Депутат Ерлан Саиров есірткі сататын телеграм-арналарды бұғаттау үшін қандай нақты қадамдар жасалып жатқанын жауапты министрліктен сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Саиров отырыста есірткі сататын телеграм-арналар туралы сөз қозғап, телеграммға қатаң санкция қолдану қажеттігін ұсынды.

«Мынау телеграм-канал. Онда курьер 1,7 грамм 1000 доллар дейді. Мұнда жас шектеуі бар. Яғни 20 жасқа дейінгі адамдар ғана кіре алады. Кеше мен осындай 4 телеграмм-арна таптым. Студенттерді шақырып сөйлестім. Олардың өзі телеграм-арналардың артында закладчиктердің қызметі тұрғандығын айтты. Министрлер мен мемлекет екеуі екі мемлекетте өмір сүретін сияқты. Бұлардың айтқанын естісең, жұмыс қызу жүріп жатыр, біз барлығын жауып жатырмыз дейді. Ал шынайы өмірде телеграм-арналар ашық тұр. Қазір халықтың әлеуметтік жағдайы төмен. Балалар әке-шешесіне көмектескісі келеді. Содан осындай шалыс қадамға да барады. Телеграм-арналарды бұғаттау үшін қандай нақты қадамдар жасалып жатыр? Мүмкін, телеграм-арналарға санкция жасау керек шығар», - деді ол.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов өз сөзінде жиналыс біткен соң бір сағатта оны бұғаттауға тырысатынын, күніне 100 немесе 200 арна пайда болатынын, оның бәрін бұғаттап үлгермейтіндіктерін жеткізді.

«Біз ол арналарды жаппаймыз деп отырған жоқпыз. Егер таратқандар саны көбейіп кетсе, яғни 20 пайыздан асса, онда біз трафикті шектейміз. Онда адамдар телеграмға бірден кіре алмай қалуы мүмкін, яғни әрбір арнаны ашу үшін 10 минут шамасында күтетін болады. Бізде заңнамалық нормалар бар. Бұл тым шектен шығып жатса, біз шараларды қолдануға дайынбыз», - деді министр.

Ал депутат Елнұр Бейсенбаев отырыс кезінде жауапты министрліктен жалпы телеграмды жабуға қалай қарайтындарын сұрады. Сонымен қатар басқа қандай мемлкеттер телеграмды жауып тастағанын сұрады.

«Қазір техникалық мүмкіндіктерге қарай бізде ішінара жабуға мүмкіндік жоқ. Біз не телеграмды мүлдемге жауып тастаймыз, не ол жұмыс істеп тұра береді. Бұл – бір. Егер халықаралық тәжірибені алатын болсақ, онда телеграм-арналарды мүлде жауып тастағандар жоқ. Осыған сәйкес, біздің міндетіміз – телеграм-арналардың әкімшілерін біздің өтініштерімізге жылдам реакция беруін қадағалау. Себебі телеграм – ең белсенді әлеуметтік желілердің бірі» - деп жауап берді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады
Бүгін, 15:45

Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Моана 2» анимациясын 400 бала тегін көре алады

Анимациялық шедеврлерді бейімдеу арқылы қазақ тілін насихаттауға бағытталған
Келесі жылы «Жайдарман» тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін
Күдікті оларды интернет арқылы сатпақ болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →