×

«Атырау мен Астрахань» арасындағы жол құрылысы аяқталды

Жол құрылысы 6 жылға созылған

«Атырау мен Астрахань» арасындағы жол құрылысы аяқталды
Сурет: ҚазАвтоЖол

«Атырау-Астрахань» арасындағы жол жобасының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы республикалық «Атырау-РФ шекарасы» жолының 272 шақырымында жұмыстардың аяқталғанын ресми мәлімдеді.

“Халықаралық стандарттарға сәйкес жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталды. Оны жүзеге асыруға Қазақстан, Италия, Түркия мен Әзербайжан елдерінің компаниялары қатысты. Қайта жаңарту жұмыстарынан кейін жол үшінші техникалық санаттан екінші санатқа ауыстырылды. Әр бағытта ені 3,75 метрден тұратын екі жолақ бар. Жолдың бойында 6 көпір, 1 жолөтпе, 60 су өткізгіш құбыр салынып, 10 демалыс алаңы абаттандырылды. Осы уақытта дейін бұл учаске арқылы жол жүру уақыты 5 сағат болса, ал қазір бүкіл маршрутты жүріп өту үшін 2 сағат кетеді”, – делінген «ҚазАвтоЖол» компаниясы мәлімдемесінде.

Жоба Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиесі есебінде жүзеге асырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
Кеше, 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →