×

«Әйел күдіктімен бұрыннан таныс болған». Полиция Ақтөбедегі оқиғаға қатысты тың дерек айтты

«Әйел күдіктімен бұрыннан таныс болған». Полиция Ақтөбедегі оқиғаға қатысты тың дерек айтты
видеодан скриншот

Кеше түнде Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасына кепілге алынған үш адам жеткізілді. 67 жастағы әйел алған жарақатынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. 75 жастағы ер адам ота үстелінде көз жұмды. Қыздың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полицияның сөзінше әйел күдіктімен таныс болған. Олар бірнеше сағат бойы бір мәселені шеше алмастан ұзақ сөйлескен, төбелескен, жәбірленушілер пышақталған. Күдікті қандай да бір талап қоймаған.

Әйел күдіктімен бұрыннан таныс екен. Күдікті бұл отбасына қандай да бір талап қоймаған. Полиция мен күдікті арасында келіссөз үш сағат жүрген. Ол ешқандай ұсынысқа көнбегеннен кейін арнайы жасақ үйге басып кіруге шешім қабылдаған. Әйелдің ата-анасы бірнеше жерден пышақ жарақатымен үйдің жертөлесінен шығарылған. Әйелдің де денесінде бірнеше жерде пышақ жарақаты бар. Ал күдікті тергеу абақтысына жабылды, -делінген полицияның  хабарламасында.

Айта кетейік, кеше кешкі сағат 20:00-де «102» пультіне белгісіз біреу жеке үйлердің біріне кіріп, адамдарды кепілге алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылды, аудан қоршауға алынды. Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталды.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті
Бүгін, 16:02

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті

  Акция облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтті
Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →