×

Қазақстандық екі телеоператорды Катар сатып алды

Нарықтағы жаңа бәсекелестің пайда болуы отандық операторлардың қызмет құнын төмендетеді деп күтілуде

Қазақстандық екі телеоператорды Катар сатып алды
Сурет: freepik.com

«Қазақтелеком» «Altel» мен «Tele2»-ні ресми түрде сатты. Брендтердің жаңа иесі қатарлық холдинг, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы Қазақстан қор биржасы мәлімдеді.

Алайда нақты қаншаға сатылғаны туралы ресми ақпарат жоқ. Бұған дейін Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев оны 530 млрд теңгеге бағалаған болатын.

“Қазақтелеком катарлық Power International Holding (PIH) компаниясына «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (МТ-С) қатысу үлесінің 100% сату мәмілесін аяқтады. Естеріңізге сала кетейік, былтыр ақпанда Дохада Қазақтелеком, PIH және «Самұрық-Қазына» қоры арасында бастапқы келісім, ал маусым айында ұялы байланыс операторын сату туралы түпкілікті келісім жасалған болатын. Altel және Tele2 брендтерімен танымал «МТ-С» Қазақстандағы жоғары жылдамдықты 5G байланыс желісінің жетекші провайдері болып табылады”, – делінген Қазақтелеком таратқан хабарламада.

Нарықтағы жаңа бәсекелестің пайда болуы отандық операторлардың қызмет құнын төмендетіп қана қоймай, олардың сапасын арттыруға ықпал етпек.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қамшы Көлбаев тобына қатысы бар: Қырғызстанда Қазақстан азаматына іздеу жарияланды
Бүгін, 13:10

Қамшы Көлбаев тобына қатысы бар: Қырғызстанда Қазақстан азаматына іздеу жарияланды

Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →