×

Астана халықаралық әуежайы мемлекет меншігіне қайтарылды

Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған келісімнің мерзімі аяқталған

Астана халықаралық әуежайы мемлекет меншігіне қайтарылды
Сурет: Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы елорда әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шартының мерзімінің аяқталуына байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті.  Елордалық әуежай акцияларының иесінің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен «Terminals Astana Airport Management» ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасуға дайындық жүріп жатыр”, – делінген әкімдік хабарламасында.

Араб компаниясымен 2025 жылдың 7 қаңтарында мерзімі аяқталған сенімгерлік басқару шарты 2023 жылдың 7 қарашасынан басталған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
18 адам қылмыс үстінде ұсталды: Қарағандыда екі қылмыстық топ құрықталды
Бүгін, 09:51

18 адам қылмыс үстінде ұсталды: Қарағандыда екі қылмыстық топ құрықталды

Тінту барысында тіркелмеген бес мылтық, оның ішінде кесілген және ойық ұңғылы карабин, травматикалық қару мен оқ-дәрілер тәркіленген
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше кәсіпкер бұл шараны заңсыз ұйымдастырған.
Ол үшін  жарамдылық мерзімі аяқталғанына 10 күннен аспаса жеткілікті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →