×

Мобильді аударымдарды тексеру шегі артады: Өзгеріс несімен тиімді болмақ

Тиісті бұйрық Ұлттық банк қарауына жіберілген

Мобильді аударымдарды тексеру шегі артады: Өзгеріс несімен тиімді болмақ
Сурет: elements.envato.com

Мобильді аударымдарды тексеру шегі артатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі тиісті бұйрықты Ұлттық банк қарауына жіберген.

“ҚР Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп мобильді аударымдарды тексеру шегін реттеу шарттарын жұмсартады. Қосымша шарттардың қатарында – Екінші деңгейдегі банктерге 3 айда 1,02 миллион теңгеден аз алатын қазақстандықтар туралы деректерді Салық салушыларға бермеуге рұқсат етіледі. Аударымдар саны қатарынан үш ай ішінде 100-ден көп болса да”, – делінген министрлік ақпаратында.

Қаржы министрінің тиісті бұйрығы қазіргі уақытта Ұлттық банктің қарауында. Соңғы шешім әлі қабылданған жоқ.

Еске сала кетейік, 2022 жылдан бастап Қазақстанда заңсыз кәсіпкерлік қызметті анықтау мақсатында мобильді аудармаларға бақылау жүргізілуде. Егер үш ай ішінде жеке тұлға 100 немесе одан да көп түрлі жөнелтушілерден аударымдар алса, оны жеке кәсіпкер заңсыз деп тануы мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →