×

АҚШ-тағы тағы бір әуе оқиғасы: жолаушылар мінген ұшақтың қанаты өртенді

Әуе кемесінің қозғалтқыштарының бірі дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған

АҚШ-тағы тағы бір әуе оқиғасы: жолаушылар мінген ұшақтың қанаты өртенді
Фото: © REUTERS/Toru Hanai

Джордж Буш құрлықаралық әуежайында (Хьюстон, АҚШ) ұшуға дайындалып жатқан United Airlines авиакомпаниясы 100-ден астам жолаушы мен экипаж мүшелерін ұшақтан шұғыл түрде эвакуациялады, деп жазады Qaz365.kz Reuters-ке сілтемемен.

«Оқиға әуе кемесінің қозғалтқыштарының бірінің дұрыс жұмыс істемеуінен орын алған», – делінген АҚШ Азаматтық авиация әкімшілігінің (FAA) хабарламасында.
    

Нью-Йорктегі Ла Гуардиа әуежайына бағыт алған борт экипажы техникалық мәселе туралы сигнал алғаннан кейін ұшу-қону жолағына тоқтаған. Жолаушылардың бірі ұшу-қону жолағында келе жатқан ұшақтың қанатынан жалын шыққан сәтті түсіріп үлгерген.

 «Өтінемін, бізді осы жерден шығарыңыз», – дейді жолаушы. 

Airbus бортында 104 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. United Airlines мәлімдеуінше зардап шеккендер жоқ. Азаматтық авиация әкімшілігі оқиғаны тергеуді бастаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісуда тазы және төбет ит тұқымдарын өсіру орталығы салынып жатыр
Кеше, 22:26

Жетісуда тазы және төбет ит тұқымдарын өсіру орталығы салынып жатыр

Орталықтың құрылысы барысымен облыс әкімі Бейбіт Исабаев танысып қайтты
Қостанайда «Халықтық Конституция – ұлттық құндылықтар мен бірліктің айнасы» тақырыбында сараптамалық алаң өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →