×

Еліміздің барлық өңірінде дауыс беру аяқталды

Жалпы, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша, республиканың 6 509 695 азаматы бюллетень алды., ол 54,09 пайызды құрайды.

Еліміздің барлық өңірінде дауыс беру аяқталды
Ашық дереккөздерден

Еліміздің барлық өңірінде Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау өз мәресіне жетті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Астана уақытымен сағат 20:00-де еліміздің 15 өңірінде, ал 21.00-де Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру аяқталды. Осылайша, еліміздің барлық өңірінде ашылған 10 146 сайлау учаскесі жұмысын тоқтатты.

Енді учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері бюллетендерді санайды.

Қазақстанның 62 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан 77 сайлау учаскесі ашылған болатын. Олардың 11-і астана уақытымен сағат 18-00-де жұмыстарын аяқтады. 66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр. Жалпы, шетелдегі дауыс беру 20 наурыз күні таңертеңгі сағат 09:00-де Сан-Францискодағы сайлау учаскесінде аяқталады.

Ел бойынша нақтыланған деректерге сәйкес, сайлаушылар тізіміне 12 млн 35 004 сайлаушы енгізілді. Жалпы, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 509 695 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 54,09 пайызын құрайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
25.04.2024ж. 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →